Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің «Дінмұхамед қонаев атындағы орта мектебі» КММ Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы мектептің конкурстық комиссиясының отырысы Х А Т Т А М А №2 Қатысқаны: 6 09.09.2024 жыл Қонаев ауылы Күн тәртібіндегі мәселе: 1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 Бұйрығы негізінде Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы «22» желтоқсандағы № 513бұйрығына қосымша мектептегі мектепалды даярлық (орыс сыныптарына) мұғалімі бойынша қажеттілікке байланысты 23.08.2024 жылы Facebook әлеуметтік желісінде, еңбек kz, нобд желісінде конкурс жарияланды. 2. Мектепалды даярлық (орыс сыныптарына) мұғалімі лауазымдық міндетіне үміткердің өтініші негізінде комиссия мүшелерімен отырыс ұйымдастырылды. 3. Дінмұхамед Қонаев атындағы орта мектебінде тамыз айында мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы мектептің конкурстық комиссиясы құрылды. Комиссияя мүшелері болып, төмендегі пән мұғалімдері тағайындалды: Комиссия мүшелері: 1. Ажибекова К.Б – комиссия төрайымы, директордың әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары 2. Сыздыкбаева Ш.К – комиссия мүшесі, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары 3. Джуаспаева А.Д – комиссия мүшесі, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары 4. Бахбергенова Г.М - Кәсіподақ ұйымының төрайымы 5. Оспанкулова Л. К – Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебінің директордың әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Саржанова М.Б – хатшы 1. Бірінші мәселе бойынша директордың әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары К.Б.Ажибекова Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 Бұйрығы негізінде мектептегі бойынша қажеттілікке байланысты Facebook әлеуметтік желісінде, еңбек kz желісінде конкурс жарияланғанын айтты. Педагог статусына тестілеуден өткен анықтамасымен қоса №57 бұйрықтың 107 қосымшасына сәйкес төмендегі аталған құжаттарды ұсынды: 1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш; 2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін); 3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса); 4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері; 5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса); 6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген). 7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама; 8) наркологиялық ұйымнан анықтама; 9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда). 10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы болды. Осы ұсынылған құжаттарды басшылыққа ала отырып конкурсттық комиссия өткізілді.Конкурсттық комиссия мүшелері ұсынылған құжаттарды сараптай отырып, 11 қосымшадағы тиімділік көрсеткішінің максималды баллын есептегенде 10,5 балл болғандығын атап айтты. 2. Екінші мәселе бойынша директордың әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары К.Б.Ажибекова сөйледі. Ол күн тәртібіндегі мәселемен таныстырып, хатшы М.Б.Саржановаға сөз кезегін берді. Өз сөзінде М.Б.Саржанова комиссия мүшелерімен таныстырды және кандидаттың еңбек өтілі бар, ЖОО бітірген және «педагог-сарапшы» санатының бар екендігін айтты. Шешімі: 1. Комиссия мүшелері мектепалды даярлық пәні мұғалімі лауазымдық міндетіне Ж.К.Муханбаеваны лайық деп бірауыздан дауыс берді. Ж.К.Муханбаеваның жинаған балы-10,5. Жарияланған бос орынға өтініш білдірген және конкурстан жинаған ұпайының есебінен аталған үміткер қабылдануға ұсынылды. Комиссия мүшелері: 1. Ажибекова К.Б. комиссия төрайымы, директордың әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары; 2.Сыздыкбаева Ш.К. комиссия мүшесі, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары; 3. Джуаспаева А.Д. комиссия мүшесі, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары; 4. Бахбергенова Г.М. комиссия мүшесі, кәсіподақ ұйымының төрайымы; 5. Оспанкулова Л.К. комиссия мүшесі, Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебінің әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары; 6.Саржанова М.Б. хатшы.