Меню KDT

logo.jpg?_=1712841084

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің «Дінмұхамед Қонаев атындағы орта мектебі» КММ
  • kz
  • ru
  • Мектеп тарихы

    Мектеп тарихы
    Көнекөзқарттардың  айтуынша «Төртінші бөлімше» ауылының іргесін қалаушы болып, 1902 жылы Ресейден қоныс аударған  Чечеловтар мен Бутенко отбасылары  есептелді.
    Осы аталған  ауылдан 1 шақырым  қашықтықта «Қызыл көктем» деп аталатын бөлімше орналасқан еді. Бұл екі  ауыл  бірнеше қоныстан  құрылған. Тұрғындары  Ресейден келіп, қасиетті қазақ даласынан  жералуға дәмесі  бар отырыстар еді. 
    «Төртінші бөлімшенің» өсуіне  Ресейдің  орталық аудандарынан жер аударылғандардың  екеуі  үлкен ықпал жасады. Бұл даму  әсіресе 1905-1907 жылдарғы бірінші  орыс революциясынан  кейін қарқынын үдетті...  Ауылда мектеп үйі жоқ  болатын. Алайда, балаларға санау, оқуды үйрету керек еді. Осы себепті жүрегін жылылық лебізі билеген ұстаздар балаларды үйлеріне оқытты.
    1904-1905 жылдары алғашқы 1 жылдық мектеп салынды. Бұл мектеп үйі Абылайхан (бұрынғы Ленин) көшесінде  орналасқан  болатын. 5-10 оқушыны құрайтын сыныптарда сабақ 1,5-2 сағаттан артық өткізілмейтін. Бірнеше жылдан кейін Оңласынов (бұрынғы Октябрьская) көшесінде 4 бөлмелі мектеп үйі пайда болды. 
    Бұл үйдің  2 бөлмесі мұғалімдер  жатағы болса, қалған екі бөлмесінде  сабақ өткізілетін болды.
    1929 жылғы  мектеп үйі.

    Осы мектептің алғашқы  ұстаздары Ларгин Иван Дмитриевич және  Верзун Яков Петрович.

    Төменде көрсетілген суреттегі екі қабатты мектеп ғимараты 1938 жылы салынды. Бұл мектептің оқу бөлмелері кең, жарық еді. Білім алу 7 жылдық болды.
    1940 жылдары орта мектеп болып , білім беру орыс тілінде  жүргізілді.  Сынып оқушыларының  саны 10-15 оқушыны құрайтын. 
    Ауыл  халқының  саны 1938-1944 жылдары  шешен, әзірбайжан,  түрік халқын  Қап тауынан кең-байтақ қазақ  жеріне еріксіз күштеп көшіруге (депортация) байланысты  күрт өсті.
    Оқушы  сананың  өсуіне  қарай тағы бір  4 бөлмелі мектеп үйі қажет болды.  Ол 1954 жылы салынды. Енді оқу жүйесі екі  ауысымдық болып, білім беру екі тілде, қазақ және орыс тілінде жүргізіле бастады. Осы жылдары мектепте қазақ тілінде алған түлектердің қолына алғашқы қазақша куәліктер тапсырылды.
    1955 жылға дейін «Ворошиловка» аталып келген ауыл аты Ленин ауылы  болып өзгертілуіне байланысты мектепке «В.И.Ленин атындағы орта мектеп» атауы берілді. 
    1965 жылы жоғарыдағы суреттегі мектептің екінші корпусы  салынды. 


    Ата-баба ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздікке  қол жеткен  соң, 1992 жылдың маусым айында мектепке ХVІІІ ғасырдың ұлы тұлғасы, көрнекті мемлекет  қайраткері, дипломаты әз  Төле би  Әлібекұлының  есімі берілді. Осындай  құрметті есімді  әрқашан  ардақтап жүру үшін , мұғалімдер мен оқушылардың қолымен Төле бабаға  арналған  мұражай бөлмесі жасалды. Бұл мұражайда  қазақ халқының өміртарихы  туралы  көптеген  мағлұмат жиналды.  Көркем оқу, тәрбие сағаты, конференция кездесулер өткізілетін  бұл мұражайдың  тәрбиелік мәні күн сайын артып келеді. 1991 жылы бірінші компьютерлік бөлме ашылды, қазіргі  уақытта  екі компьютерлік кабинетте 7-11 сынып оқушылары  компьютерлік техниканы  меңгеруде.
     2005 жылы мектебіміздің 100 жылдық мерейтойы аталып өтті.    2020 жылы мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жасалды.  114 жыл ішінде осы ұжымды ұрпақ тағдырына алаңдап, мектеп жұмысын жетілдіруге атсалысқан ұстаз атына лайықты талай білікті педагог – директорлар басқарған. Мектеп тарихында еңбегімен есімі еленіп, білім ордасында өз қолтаңбасын қалдырған директорлардың алар орны бөлек. 
    Олар:
    1      1905-1916жж       Ларгин И.Д
    2      1917-1926жж      Верзун Я.П
    3      1926-1930жж       Проскурин А
    4      1930-1934жж       Криворучко Г
    5      1934-1938жж       Хазиев А
    6      1938-1941жж       Мустафин А
    7      1941-1945жж       Куперман
    8      1945-1948жж        Саулебаев
    9      1948-1950жж       Амирханов
    10    1950-1951жж       Ким М.И
    11    1951-1952жж       Пак Н.К
    12    1952-1955жж       Ким Н.И
    13    1955-1960жж       Ахмеджанов А.А
    14    1960-1971жж        Мукатаев Ж.А
    15    1971-195жж          Нургалиев Б.Н
    16    1975-1976жж        Есенбаев Е.Е
    17    1976-1979жж       Жарылкапов К.Ж
    18    1979-1982жж        Айтжанов Б.С
    19    1982-2005жж        Сафаров М.С
    20    2005-2010жж        Бахтиярова А.А.
    21    2011-2013жж        Әбенов Ж.Ә
    22    2013-2015жж        Мырзаханов К.С
    23    2016жылдан бері  Султанова М.Т

        Осындай І- ғасырлық тарихы бар мектеп, қазіргі заманның өмір талабына сай өзгерістер мен жаңалықтарды ұтымды пайдалана отырып, өз түлектеріне сапалы білім берудегі істерін жалғастыра береді деген сенімдеміз.

    Орыс тілінен аударып жинақтаған:  Төребаев Талғат Ноғайгелдіұлы.

    Басып шығарған:   Мақашев Абдрахман Сағындықұлы.


    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру

    Полезные ссылки